Димаштың чилилік жанкүйерлері Қазақстан халқының құрметіне музыкалық туынды арнады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бразилия астанасы Бразилиада өткен қазақ жазушысы, драматург, ғалым Мұхтар Әуезовке арналған конференцияда Димаш Құдайбергеннің чилилік жанкүйерлері белсенділік танытты. Бұл туралы ҚазАқпарат dimashnews.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған іс-шара 16 қарашада өткен. Конференция барысында қазақ тілі пәнінің оқытушысы, түркітану факультетінің аспиранты Марсиа Кастро барша қатысушыларға жазушының өмір жолы мен әйгілі «Абай жолы» романы туралы мағлұмат берді.

Шараны ұйымдастырушылар «Қазақстан-Чили достығы қоғамы» құрылғанын ресми түрде жариялады. Бұл туралы бұған дейін Қазақстанның Чилидегі Елшісі Болат Нүсіпов мәлімдеген. Чилилік жанкүйерлер өздерінің ұлттық биін – музыкасы мен мәтіні осы маңызды оқиғаға арнайы жазылған куэканы ұсынды.

«Димаш әрқашан бүкіл әлемнен Dears-ты Қазақстанға қонаққа шақырады, сондықтан біздің «Қазақстан – батыл халық» атты куэкамыз (ұлттық би) Чилидің барлық жанкүйерлері үшін маңызды оқиға болды. Бұл қуэка біздің сүйікті орындаушымыздың Отанына бір күні бару деген асыл арманымызға бұрынғыдан да жақындағанымызды сезіндіреді», - дейді жоба авторлары Клаудия Лобос пен Кармен Сандовал.


Видеодан алынған кадр/dimashnews.com

Соңғы жаңалықтар