Димаштың бірден үш әні әлемдік хит-парадтың ТОП-10-на енді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Димаш Құдайбергеннің бірден 3 әні Billboard’s Hot Trending Songs хит-парадының ТОП-10-на енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

Димаш жақында «Okay» атты әніне бейнеклип түсіргенін жазған болатынбыз. Соңғы мәліметтерге сәйкес, осы композиция Billboard’s Hot Trending Songs хит-парадында 8-орында тұр. Одан жоғарырақ Димаштың «Fly Away» әні бар, ол 22 апта бойы ТОП-10 тізімінде.

Д.Құдайбергеннің «Fly Away» композициясы алғаш рет Billboard — Hot Trending Songs жаңа чартына 2021 жылдың күзінде қосылды. Кейін чартқа «Be with me» авторлық композициясы еніп, ол 24 апта бойы тізімнен түспеді. Ал биылғы қаңтарда қазақстандық әншінің аталған қос әні апталық чартта рейтингінің ең жоғарғы жолдарына – 1 және 3-орындарға көтерілді.

Forbes журналы Димаштың композициялары туралы бірнеше рет жазған және әртістің фотосуреттерін чарт нәтижелеріне арналған мақалаларда басты беттерге орналастырды. «Димаш осы апталық рейтингінің ТОП-10-ына бірден бірнеше трегін орналастыра алған аз ғана әрістердің бірі саналады. Ол бұл ерлікке BTS, Blackpink және Lisa сынды әлемге әйгілі есімдермен қатар жетіп отыр», - деп жазады басылым.

Биылғы 15 мамырда World Music Awards ресми аккаунты жеке орындаушылар арасында Billboard’s Hot Trending Songs чартында ұзақ уақыт тұратын екі әнді атап өтті. Олар: Димаштың «Fly Away» әні және Оңтүстік Кореяның дүниежүзіне танымал BTS тобының мүшесі Джиннің «Yours» композициясы.


Соңғы жаңалықтар