+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Димаштың бейнебаяны ТОП 25 қатарына кірді

2020 жылғы 5 қаңтар 00:01
Бөлісіңіз:
Димаштың бейнебаяны ТОП 25 қатарына кірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Димаш Құдайбергеннің «Қалжыраған аққулардың сезімі» (Любовь уставших лебедей) әніне түсірілген бейнебаяны үздіктер қатарына кірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ресейдің МузТВ арнасы 2019 жылдың «100 үздік бейнебаян» жобасының қорытындысын жариялады. Бұл рейтингте Димаш Құдайбергеннің «Қалжыраған аққулардың сезімі» (Любовь уставших лебедей) әніне түсірілген бейнебаяны 24 орында тұр» -делінген әншінің «ВКонтактегі» фан-тобының парақшасында.

Еске салсақ, Димаштың жанкүйерлері көптен күткен «Қалжыраған аққулардың сезімі» (Любовь уставших лебедей) әніне түсірілген бейнебаян шыққаны туралы хабарлаған болатынбыз .

«Қалжыраған аққулардың сезімі» әнінің сөзін ресейлік ақын - Михаил Гуцериев, музыкасын Игорь Крутой жазды.

Димаш Құдайберген аталған клипін түсіру үшін Испанияға аттанған болатын. Арада көп өтпей, әнші аталмыш елдегі бейнебаянның түсірілімінен фотосуреттермен бөліскен еді. «Любовь уставших лебедей» әнінің бейнебаяны түсірілімінен алынған бірнеше фотосуретті сіздермен бөліскім келді. Клиптің режиссері - Алан Бадоев. Өздеріңіз түсінген шығарсыздар, видео фэнтези стилінде түсірілді. Сіздерді жақсы көремін!» - деп жазды Димаш.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Саягүл Жарылқасын

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT