Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.01 EUR 423.24
RUB 5.90 CNY 54.92
Jańalyqtar

Димаштың бейнебаяны ресейлік арнада жеңімпаз атанды

2018 жылғы 19 қазан 10:49 534
Бөлісіңіз:
Димаштың бейнебаяны ресейлік арнада жеңімпаз атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның әлемге әйгілі әншісі Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Screaming» әніне түсірілген бейнебаян ресейлік «МУЗ-ТВ» арнасында көрермендердің ең көп дауысына ие болып, «музраскрутка» бағдарламасында көш бастады. Бұл туралы әншінің әкесі Қанат Айтбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атақты әнші Андреа Бочелли Димаш Құдайбергенге батасын берді Димаштың концертіне жалған билеттер сатылып жатыр

«Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Screaming» әніне түсірілген бейнебаян Ресейдің «МУЗ-ТВ» телеарнасының «музраскрутка» бағдарламасы арқылы көрермендер арасында жалпы дауыс беру жүйесі бойынша сынға түскен болатын. Бір ай көлемінде интернет арқылы өткізілген жарыс нәтижесі бойынша Димаштың орындауындағы аталмыш ән жалпы есепте 97 пайыз дауыс жинап жеңімпаз атанды», - дейді әншінің әкесі өз парақшасында.

Сайыстың шартына сәйкес бұл клип енді «Музтв» телеарнасында тегін ротацияға ие болып отыр.

«Дауыс беріп, үлкен қолдау білдірген барлық жанкүйер, тыңдарман қауымға үлкен алғыс айтамыз!», - деп жазды Қанат Айтбаев.

Еске сала кетсек, Димаш Құдайбергеннің «Screaming» әнінің бейнебаяны осы жылдың мамыр айында шыққан болатын. Əннің композиторы Muhgal осы күнге дейін Rihanna, Usher, Cherul Fermandes - Versini, Shakira, Ne-Yo, Avisi сынды əншілерге əндер жазған.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT