+7 (701) 759 90 19
USD 377.09 EUR 407.37
RUB 5.93 CNY 53.95
Jańalyqtar

Димаштың атасы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

2019 жылғы 22 желтоқсан 00:30
Бөлісіңіз:
Димаштың атасы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Танымал әнші Димаштың атасы Құдайберген Айтбаевқа «Ерен еңбегі үшін» медалі берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Димаш жаңа фильмге саундтректің үзіндісін жариялады Димаш Құдайберген: Евровидениеге Ресей атынан қатыспаймын Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорктегі концерті бүгін Qazaqstan арнасынан көрсетіледі

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Марат Тоғжанов Нұр-Сұлтан қаласында Құдайбергеновтердің отбасында болып, мемлекеттік және қоғамдық қызметтерде еңбек сіңірген, елдің әлеуметтік – экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқан Құдайберген Айтбаевқа «Ерен еңбегі үшін» медалін берді. Сонымен қатар Димаш Құдайбергеновке берілген «Ақтөбе облысының құрметті азаматы» атағы марапатын Димашты тәрбиелеп өсірген әжесі Миуа Низамутдиноваға табыстады.

Еңбектері еленген өнегелі отбасы ризашылықтарын білдіріп, Ақтөбе облысы әкімдігіне алғыстарын жеткізді.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT