Димаштың Астанадағы концертінде әлемдік шоулардағы технологиялар пайдаланылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан» РТРК АҚ төрағасы Ерлан Қарин Димаш Құдайбергеннің жазда Астанада өтетін концертіне дайындықтың қалай жүргізіліп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әдетте, біз үлкен шараларды жоспарласақ, уақыт тақаған кезде жариялап, ұйымдастырып жатамыз. Бірақ, бұл жолы арнайы ұзақ мерзімді дайындықты алып, тырысып жатырмыз. Бізде талқылаудың өзі бір-екі ай мерзімді алды. Сондықтан, бұл жолғы концертке үлкен дайындықпен келгіміз келеді. Қазір бірнеше шығармашылық топпен жұмыс істеп, әртүрлі ұсыныстарды қабылдап жатырмыз. Мүмкіндігінше, бұл концертте әлемдегі шоу-концерттерде қолданылатын түрлі тәсілдер мен жаңа технологияларды пайдаланамыз. Себебі, Астанада өткізілетін концерт - ең алдымен Димаштың өз халқына, өз тыңдаушыларына арналмақ», - деді Ерлан Қарин ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Ерлан Қарин өз сөзінде, бұл концертке шетелден өте көп қонақ келеді деп күтіліп отырғанын айтып өтті.

«Өздеріңіз білетіндей, Димаш әлемге әйгілі танымал жұлдыз болғаннан кейін әншінің көптеген елде фанаттары бар. Біздің мысалы бүгінгі мәслихатын ұйымдастырып отырғанымыздың тағы бір себебі - осы уақытқа дейін қайта-қайта сұрақтар келіп түскен болатын. Елдегі Димаштың қолдаушылармен бірге шетелде тұратын азаматтардан «Концерт қай кезде болады? Біз алдын ала жоспарласақ дейміз. Алатын билеттерді алып, қамдануымыз керек» деген сыңайдағы мыңдаған сұрақ келіп, қайта-қайта түскеннен кейін Димаштың концерті туралы жариялы хабарлау керек деп шештік», - деді Ерлан Қарин.

Еске сала кетсек, бұған дейін ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Димаш Құдайберген Жастар жылы аясында Астанада концерт беретінін хабарлаған болатынбыз.

null

Соңғы жаңалықтар