Димаштың Астанадағы концерті: билет құны қанша болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы осы жазда Астанада өтетін Димаш Құдайбергеннің концертіне билеттер құны қанша теңге болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Басты мақсат - билеттен түсетін қаржы емес. Әрине, шетелде өтетін концерттерде біз ең бірінші осыған мән береміз. Ал Қазақстанда басты міндет - көпшілікке қолжетімді болуы. Билет бағасы 500 теңгеден басталады деп ойлаймын», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы ведомство алқасының кеңейтілген отырысында.

Одан бөлек, концертте мектеп оқушылары мен әлеуметтік аз қамтылған халық санатына арнайы орындар қарастырылатын болады.

«Біз бірінші концерттің өзінде көп орынды балалар үйінің тәрбиеленушілеріне бөлген болатынбыз. Бұл жерде мақсат пайда табу емес, адамдарға оның өнерінен ләззат алуға мүмкіндік беру», - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Димаштың Астанадағы концертінің өтетін күні белгіленгенін жазған болатынбыз.

Автор: Камила Амирова

Соңғы жаңалықтар