Димаштың әні репрессияланған африкалық әйелді қатты толқытты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің фан-клубы youtube-те әншінің Оңтүстік Африка Республикасында тұратын тыңдарманының әңгімесі жазылған видео роликті жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Видеода белгісіз әйел  ертеректе орын алған оқиғаны баяндайды.  Әйелдің көзінше  елдің арнайы қызмет жасақтары екі жігітті мулат болғаны үшін атып өлтіреді. Бұл оқиға әйелдің жүрегіне жара салып, ол 28 жыл аталған оқиғаны есінен шығара алмай жүреді.  Ол Димаш Құдайбергеннің әнін кездейсоқ естіп қалып, көз жасына ерік береді.


«Мен өзім тұратын аралған келе жатып, машинада Димаштың орындауындағы «Уақыт теңіз» әнін естідім.  Әнді тыңдағаннан кейін мен 28 жылда алғаш рет өзімді тоқтата алмай, көз жасыма ерік бердім»,- деп айтады әйел.

«Автордың (түсінігімше ол апартеид - нәсілге бөліну және сегрегация кезеңінде Оңтүстік Африка Республикасында тұрған) рұқсатымен мен Димаштың дертке дәру дауысы жайлы әңгімелегім келіп отыр. Ол өзін Джей деп атауды және аяушылық сезіммен қарамауды сұрады. Димаштың дауысының ақылға сыймайтын сиқырлы күші жайлы атап көрсетуімді қалады. Ол Димашпен кездескісі келеді екен», - деп түсініктеме берілді фан-клубта.

Соңғы жаңалықтар