Димаштың әні «Freshasia music» рейтингінде көш бастады

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Қытайдағы «Singer - 2017» байқауының оныншы кезеңінде Қазақ-қытай тілінде орындаған «Ұмытылмас күн» әні «Азияның жаңа әндері» (Freshasia music) рейтингінде бірінші орынға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әр 10 минут сайын жаңаланатын рейтинг азиялық әншілердің Қытайдағы танымалдылығына байланысты жасалып отырады. Онда әндердің тыңдалымы, ақылы түрде жүктеп алынуы бойынша ұпайлар беріліп, рейтинг құрылады. Рейтингте әншінің бір мезгілде үш әні ғана ене алады.
null  

Жаңа рейтингте Димаштың «Ұмытылмас күн» әні 118400 ұпай жинап 1- орын, «Battle of Memories» киносының саундтрегі  «Memories That Can't Take Away» әні 115029 ұпаймен 2-орыннан көрінді. Ал Димаш байқаудың жетінші кезеңінде шырқаған «Дайдидау» әні 14-орынға жайғасты.

Freshasia music-тың 3 сәуірден 9 сәуірге дейінгі 96-кезекті апталық ТОП-20 рейтингінде Димаштың орындауындағы «Ұмытылмас күн» 2-орын, «Memories That Can't Take Away» 4-орын, «Дайдидау» 20-орыннан көрінді.
null  

Еске сала кетейік, бұған дейін Димаштың «Singer» байқауының түрлі кезеңдерінде орындаған «Қоңыр күз», «Uptown Funk», «Adagio» мен «SOS d'un terrien en détresse» әндері де осы рейтингтен көрінген.

Соңғы жаңалықтар