Димаштың әні алғаш рет Уругвай радиосында шырқалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Димаш Құдайбергеннің дауысы алғаш рет Уругвай радиосында шырқалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әншінің ресми сайтына сілтеме жасап.

25 сәуірде Уругвайдың Maxima FM 97.7 радиостанциясында Димаштың «Together» синглы шырқалды.

Бұл - қазақстандық әртістің Уругвай радиосындағы алғашқы таратылымы.

Maxima FM 97.7 - Уругвайдың Нуэво Пайсанду қаласында орналасқан танымал радиостанция.

Радио елдің соңғы жаңалықтары мен қызықты оқиғаларын, сондай-ақ әртүрлі жанрдағы музыканы таратады.

Димаштың інісі Әбілмансұр Құдайберген жазған «Together» соңғы шыққан композициясы уругвайлық Dears-тің белсенді сұрауларының арқасында «Los recomendables» бағдарламасында орындалды.

Радио жүргізушісі Эмина Димаштың Уругвай фан-клубына қызығушылық танытқаны үшін алғыс айтып, оны осындай таңғажайып әртістермен мүмкіндігінше жиі таныстыруды өтінді.


Соңғы жаңалықтар