Димаштың әні АҚШ-тың Channel R радиосында шырқалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Димаш Құдайбергеннің «Zhalyn» композициясы алғаш рет америкалық Channel R Radio-сында шырқалды. Дегенмен, бұл қазақстандық әншінің аталған радиостанция эфиріне шыққан бесінші әні, деп хабарлайды ҚазАқпарат dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

Димаштың қазақ тіліндегі әні Америка радиосында айтылуы оның жанкүйерлерінің арқасында мүмкін болған. Олар күн сайын оның әнінің қойылуын сұраған. Бұған дейін Channel R радиосында Д.Құдайбергеннің Fly Away», «Be with me», «Golden» және «Screaming» композициялары шырқалған еді.

Сиэтлдегі R Channel радиостанциясы 2020 жылдың ақпанында құрылды. Эфирде тәулік бойы заманауи хиттер мен тыңдаушылардың ең сүйікті әндері ойнайды. Мұнда поп-музыкадан R&B, рок, рэп және электронды музыкаға дейінгі барлық жанрды тыңдауға болады.

Channel R жұмысының негізгі қағидасы – дыбыс жазу компаниясы қалаған әуендерді емес, тыңдаушыларға ұнайтын композицияларды тарату. Сондықтан, радио апта сайын тыңдаушылар арасында дауыс беру өткізеді.


Соңғы жаңалықтар