+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Димаштың әндері Испания радиосынан беріліп жатыр

2020 жылғы 6 маусым 00:21
Бөлісіңіз:
Димаштың әндері Испания радиосынан беріліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Барселонаның танымал радио желісінде қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің әндері шырқалуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Америка радиолары Димаштың әндерін бере бастады

dimashnews.com сайтының жазуынша, «Radio Sant Boi» – Барселонаның түкпір-түкпіріне таралатын танымал радио. Радио бағдарламасында мәдениет, музыка, сонымен қатар әлемдегі өзекті оқиғалар туралы айтылады.

Жүргізушілер қазақстандық әнші мен оның «ARNAU» әлемдік турнесіне арналған бірнеше эфир өткізген. Мәселен, 10 наурызда бағдарлама эфирінде Димаштың ресейлік композитор Игорь Крутой жазған «Your Love» әні шырқалды. Ал 20 наурызда коронавируспен күресте алдыңғы шепте жүрген жандарға арналған «We Are One» туындысы орындалды.

«Радио жүргізушілері, сонымен бірге, Димаштың туған елі туралы мәліметпен бөліседі. Әр концертінде Отанына деген ыстық махаббатын білдіретін Димашқа тәнті болған хабар қызметкерлері Қазақстанға деген қызығушылықтарын да жасырмайды.

Бірде олар бағдарламаға Қазақстаннан шыққан, бүгінде Испанияда тұратын әйелді шақырды. Ол тыңдарманға өз елі туралы қуана айтып берді. Мәселен, осы жылдың 3 маусымында эфирде қазақстандық «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты туралы сөз болды», - делінген ақпаратта.

Журналист Тереза Ллинастың айтуынша, Барселонада Димаштың жанкүйерлері өте көп. Ал болашақта ол туралы радиода ғана емес, испан телевидениесінде де хабар таратуға ниетті.

Dimashnews.com сайтында жазылғандай, Д.Құдайбергенге Жапония телевидениесі де эфир арнаған. Әнші «NonStop!» деп аталатын таңғы бағдарламаға онлайн қатысып, қазақ тілінде сұхбат берді.

Еске сала кетсек, 24 мамырда Димаш 26 жасқа толды. Әлемнің бірнеше еліндегі жанкүйерлер оған түрлі құттықтаулар жолдады.

Ал қытайлық фанаттар әншінің құрметіне шөл далаға 3 мың ағаш отырғызды.

Сонымен бірге, ол Instagram-парақшасында жанкүйерлерімен қауышып, олардың сұрақтарына жауап берді.

Бұдан бөлек, оның туған күні құрметіне Dimash Manga (Manga D’R’S’) жаңа ресми жоба таныстырылды. Manga D’R’S’ — бұл ерекше және қызықты сюжеті бар жапон комикстері (манга) жанрындағы шығармалар циклі. Комиксті әлемнің 7 тілінде электронды немесе баспа түрінде арнайы сайттан сатып алуға болады. Оқиға желісі 2019 жылдың 10 желтоқсанында Димаштың Нью-Йорктегі концертінен бастау алады. Manga D’R’S’ шамамен 1 шілдеде сатылымға шыға бастайды.

Эстонияның Таллин қаласындағы тарихи саябақта әншінің құрметіне көшет отырғызылса, 5 елдегі фанаттар «Дайдидау» әнін орындап, видео жариялады.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT