Димаштың әндері Чили радиосында бір ай бойы шырқалады

None
Фото: dimashnews.com
АСТАНА. ҚазАқпарат –Чилидің танымал MIX TV радиосының эфирінде Димаш Құдайбергеннің композициялары маусым айы бойы шырқалатын болады. ҚазАқпарат бұл туралы dimashnews.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Чили радиостанциясында қазақстандық әншіге арналған алғашқы эфир өткен жұмада – 2 маусымда өтті. Бұл Dimash Latin Dears фан-клубының еңбегінің арқасында мүмкін болды.

Енді Д.Құдайбергеннің композициялары маусым айы бойы күн сайын таңғы 7-ден 10-ға дейін эфирге шығады.

«Біз Димаштың әндері Чили радиосында ұзақ уақыт бойы шырқалатынына өте қуаныштымыз! Сонымен қатар Димашқа арналған бағдарламада тек әндер ғана емес, Dears-тің құттықтаулары мен әртістің шығармашылық өмірбаяны баяндалады!»,- деп бөлісті Dimash Latin Dears.


Соңғы жаңалықтар