Димашты Лондонда әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлері қарсы алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Димаш Құдайберген Лондонға ұшып келді. Танымал әншіні британ астанасындағы әуежайда әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлері қарсы алып, осы сәтті видеоға түсіріп әлеуметтік желідегі парақшаларында жариялауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетерлігі, 19 қарашада Димаш Құдайберген Қазақстанның Ұлыбританиядағы мәдениет күндері барысында жеке концерт қояды. Онда Димаш әндерінің 60 пайызын қазақша шырқайтыны жария етілген болатын.

«Лондондағы аталмыщ концерт залында 2 мың орын бар. Одан бөлек, фан-аумақ бар. Жалпы, 4 600 орын болады. Барлық билеттер сатылып кетті», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаш Құдайбергенмен кездесу барысында. 

Сондай-ақ, Димаштың жеке концертіне ақтөбелік оқушы қыз қатысатын болды. 
Соңғы жаңалықтар