Димашты Киевтегі жанкүйерлері әуежайдан қазақша хабарландырумен қарсы алды

None
None
КИЕВ. ҚазАқпарат – Киевтегі Жуляна халықаралық әуежайының диспечері қазақстандық әншіні қазақша хабарламамен қарсы алды. Бұл туралы ҚазАқпарат dimashnews.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Көпшіліктің қолдарында Қазақстан мен Украинаның жалаулары, әншіге шын пейілдерімен ұсынғысы келетін гүлдері мен сыйлықтары бар. Ал әншінің жанары «Дайдидау» әні сегіз жылдан кейін Украинаға оралды!» деген жазуы бар үлкен плакатқа түсті. Демек, көрермендер Киевтегі концертті шынымен күткен екен.



Жанкүйерлер де Димашты қазақ тілінде: «Димаш Құдайберген, Киев қаласына қош келдіңіз!» деп таза әрі еш акцентсіз ұранмен күтіп алды. Олар, сонымен қатар әншіге өте символикалық сыйлық – гетман күшінің нышаны болып табылатын зерлі мата сыйлады.

«Сіздің әніңіз бен дауысыңыз біздің жүрегіміз бен санамызды ешқашан өшпейтіндей жаулап алды. Бұл кестелі мата сіздің шығармашылығыңыздың біздің жүрегіміздегі орнының белгісі болып қалсын», – деді жанкүйерлер Димашқа қуанышпен.



Соңғы жаңалықтар