Димашты бүгін ақтөбелік жанкүйерлері күтіп отыр

None
None
АҚТӨБЕ.ҚазАқпарат - Қытайдағы «Singer-2017» ән байқауына қатысып жатқан Димаш Құдайберген бүгін Ақтөбеге келеді. Қазір жергілікті жанкүйерлер әншіні күтіп алу үшін дайындық жұмыстарын бастап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Ақтөбеде жас әнші Димаш Құдайбергенді күтіп алуға дайындық басталып кетті.

«Димашты қаладағы орта, жоғары оқу орындарының жастарынын құралған жанкүйерлер күтіп алады. Сонымен қатар, облыстық филармония ұжымы да әуежайда күтеді», - деді облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Қыдырғали Ермұхан.

Айта кетейік, Ақтөбеде туып-өсіп, Ахмет Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық мектебінде тәлім алған Димаш Құдайбергенмен бірге ән байқауының түсіру тобы да келе жатыр. Алдын-ала тараған мәлімет бойынша, Ақтөбеде жас әнші Димаш туралы арнайы фильм түсіріледі. 
Еске сала кетсек, бүгін түнде Елорда әуежайына ұшып келген Димашты саусақпен санарлық қана жанкүйерлер қарасы күтіп алды .  

Соңғы жаңалықтар