Димашты Астанада қарсы алған жанкүйер көп болмады

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қытайдағы «Singer-2017» ән байқауына қатысып жатқан отандасымыз Димаш Құдайберген жобаның жетінші кезеңінің түсірілімінен кейін Астанаға оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Елордаға келіп жеткен Димашты күтіп алған жанкүйерлер қарасы саусақпен санарлық қана болды, олардың өзі Қытайдан келген қазақ жастары. Олар әншіні Қазақстанда тосып алғандығын қытайлық sina weibo әлеуметтік желісінде жазуда.


Айта кетсек, қазақстандық әнші түсірілім жұмыстары толық аяқталғаннан кейін елге Үрімжі әуежайынан ұшып шықты. Димаштың әуе рейсін алдын-ала біліп алған көптеген жанкүйер оны «Дудар-ай» әнімен жолға шығарып салды.

 

Еске сала кетейік, Димаш 23 ақпан күні «Singer-2017» ән байқауының жетінші кезеңінде «Дайдидау» әнін шырқап , үшінші орыннан көрінді. Бұл кезең эфирге 4 наурыз күні шығады.

 

Соңғы жаңалықтар