Димаш жаңа саундтрек жазып жатыр

None
None
  АСТАНА.ҚазАқпарат - Қытайдың Tencent видео порталында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің жаңа саундтрегіне арналған видео жария етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Видеодан Димаштың «Moonlight Blade» атты онлайн ойынына арналған «Уақыт-теңіз» (时光·沧海) әнін жазып жатқанын білуге болады.

null

Айта кетейік, «Moonlight Blade» -  қытайлық Tencent компаниясының 3D форматтағы онлайн интернеттік ойыны. Оқиға желісі қытайлық жазушы Сюн Яухуаның шығармалар желісінің төртінші бөлімі бөлімі бойынша жасалған. Әннің толық бейнебаяны шілде айының басында шығады деп күтілуде.

Еске сала кетейік, Димаш Қытайдағы «Singer 2017» байқауынан кейін қытайлық кино «Battle of Memories» киносының саундтрегі «Memories ThatCan't Take Away» әні және голливудтық «Power Rangers» фильмінің саундтрегі «Go Go Power Rangers» әнін орындаған болатын.

Соңғы жаңалықтар