+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Димаш «Виктория-2021» музыкалық сыйлығына үміткерлер қатарына қосылды

2021 жылғы 26 қараша 10:52
Бөлісіңіз:
Димаш «Виктория-2021» музыкалық сыйлығына үміткерлер қатарына қосылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресейдің «Виктория» ұлттық музыкалық сыйлығына үміткерлердің шорт-парағы жария етілді. Онда Димаш Құдайберген «Жыл әншісі» аталымына кандидаттар қатарына қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
EXPO-2020 Dubai: Қазақстандық опера әншісі Мария Мудряктың Дубайда концерті өтеді Опера әншісі Мария Мудряк елордада концерт береді Қарағандыда республикалық айтыс жеңімпаздары анықталды

Dimashnews.com сайтының мәліметінше, биыл музыкалық сыйлық жеңмпаздарын марапаттау рәсімі 2 желтоқсан күні Мемлекеттік Кремль сарайында өтеді. Биыл «Виктория» сыйлығына үміткерлердің қатары өте көп. Олардың саны 700-ден асып жығылады. Шорт-параққа 13 аталым бойынша ең үзіктер кіріп отыр. «Жыл әншісі» аталымында Димашпен қатар кандидаттар арасында Дима Билан, Леонид Агутин, Jony, Филипп Киркоров бар. Димаш бұл аталымға «Я скучаю по тебе» композициясымен ұсынылған.

Айта кетерлігі, 2019 жылы Димаш «Виктория» сыйлығының «Классикалық музыкада жылдың әншісі» және «Жыл жаңалығы» аталымдарында жеңіске жеткен еді.

«Виктория» сыйлығын ақын, меценат Михаил Гуцериев, композитор, продюсер Игорь Крутой, жазушы, медиа-менеджер Юрий Костиндер ұйымдастырып келеді. Финалға шыққандар «Үздік жыл әні», «Үздік поп әнші», «Үздік хип-хоп орындаушы», «Үздік рок-группа немесе рок әнші», «Жыл композиторы», «Жыл ақыны» секілді 13 номинацияда бақ сынайды. Онда қазіргі заманауи музыканың барлық бағыты қамтылған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT