Димаш «Виктория-2020» премиясында өнер көрсетті

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Мемлекеттік Кремль сарайында «Виктория-2020» музыкалық сыйлығы өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат dimashnews.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Биыл коронавирус пандемиясына байланысты салтанатты рәсім ерекше форматта өтуде. Алғаш рет көрермендер болмады.

Бұл шектеулер ресейлік музыка индустриясындағы БАҚ-қа да әсер етті. Іс-шараға барлығы 30 журналист жіберілді. Олардың әрқайсысы, әр елден келген қатысушылар секілді мемлекеттік Кремль сарайына бару үшін COVID-19 тестін тапсырды.

Шара басталмас бұрын журналистер қызыл кілемге жарқырап шыққан жұлдызды қонақтарды қаумалап алды. Көңілдері көтеріңкі, ерекге атмосфераны сезінген әншілердің барлығы сахна мен өздерінің сүйікті көрерменін сағынатындарын айтты.

Қызыл кілемге Филипп Киркоров, Сергей Лазарев, Олег Газманов, Артур Пирожков және басқа да танымал әншілер шықты.

Олардың қатарында Димаш Құдайберген де бар. Оны «Виктории-2020» сыйлығының «Үздік поп-орындаушысы» номинанты.

«Біз Димаштың осындай белді сыйлыққа ұсынылғанына өте қуаныштымыз және ол атақты әртістермен қатар шараға қатысады. Іс-шара көрерменсіз, тек телеаизиялық форматта өтетіні өкінішті», – деді әншінің продюсері және әкесі Қанат Айтбаев.

Қызыл кілемде Виктория сыйлығын ұйымдастырушылардың бірі Игорь Крутой салтанатты рәсімде шектеулерге қарамастан өзінің оптимисттік ұстанымын көрсетті.

«Біз Премияны мұндай форматта алғаш рет ұйымдастарып отырмыз. Бірақ әсер керемет, көңіл – күй көтеріңкі», – деді композитор.

Шара кезінде Димаш композитор Игорь Крутойдың әні, мәтінін әлемге әйгілі әнші Лара Фабиан жазған Your Love әнін орындады.

«Виктория-2020» премиясының толық нұсқасын 18 желтоқсан күні «Россия-1» арнасынан көруге болады.


Соңғы жаңалықтар