Димаш туған күнінде өзі жазған жаңа әннің бейнеклипін жарыққа шығарады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген туған күні қарсаңында жаңа әні жарыққа шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол бұл жайында Instagram парақшасында жазды.

«Өмір - ақ пен қара алмасқан, бақ пен нала арбасқан, қуаныш пен қайғы таласқан, теңдессіз алып кеме. Айдындағы сұрапыл толқынға да, дауылға да төтеп беруіме түрткі болып жүрген барша тыңдарманыма туған күнімнің қарсаңында шығатын, алғаш рет әуені мен сөзі жан дүниемді жарып шыққан шығарма. Бұл туынды менің өмірім жайында»,- деп жазды Димаш.

Оның айтуынша, 24 мамырда әншінің YouTube арнасында жаңа бейнебаянның тұсауы кесіледі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)


Соңғы жаңалықтар