Димаш тәрбиеленген балабақшадағы учаскеде әншінің атасы мен әжесі дауыс берді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Димаш Құдайберген тәрбиеленген балабақшадағы учаскеде әншінің атасы Құдайберген Айтбаев пен әжесі Миуа Низамутдинова дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбедегі «Тұлпар» балабақшасында орналасқан сайлау учаскесіне түске таман Димаштың атасы Құдайберген Айтбаев пен әжесі Миуа Низамутдинова келді.

Әншінің әжесінің айтуынша, бұл балабақшада әнші тәрбиеленген.
«Әр сайлауға қатысып, дауыс беріп жүрміз. Ел, халық үшін таңдау жасап, Президетті сайлау маңызды шешім. Еліміздің тыныштығы мен болашағы үшін мәні бар таңдау. Бұл жер маған таныс. Димашты осы балабақшаға 4 жасында әкелдім. Үйрене қоймай, «менің қасымда болшы» деген соң шығарып алдым», - деді Миуа Низамутдинова.

Құдайберген Айтбаев та тұрмыстың жақсарып, ел игілігі артуы үшін таңдау жасағанын айтты.
«Біз үнемі осы сайлау учаскесінде дауыс береміз. Бұл жолы Димаш пен балаларым Қанат, Света Нұр-Сұлтан қаласында дауыс береді», - деді Қ.Айтбаев.
null null null

Соңғы жаңалықтар