+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Димаш «Singer» байқауының финалында қытайлық жұлдызбен ән айтады

2017 жылғы 5 сәуір 14:01
Бөлісіңіз:
Димаш «Singer» байқауының финалында қытайлық жұлдызбен ән айтады

АСТАНА.ҚазАқпарат - Қытайдың «Singer 2017» әншілер бәсекесінің ақтық сынында Димаш Құдайберген Шаң Венжемен (尚雯婕) бірге ән шырқайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Димаш байқаудың жартылай финалында италиялық әнші Адриано Челентаноның «Confessa» әнін және «5-элементтегі» арияны қоса шырқап, ақтық бәсекеге сүрінбей жетті.

Қытайлық Sina weibo әлеуметтік желісіндегі ақпаратқа сенсек, байқаудың ақтық бәсекесіне жолдама алған 8 әнші қытай эстрадасының жұлдыздарымен жұп болып өнер көрсетеді.

Айта кетейік, Шаң Венже 1982 жылы Шаңхай қаласында туған. Шанхай Фудань университетін бітіргеннен кейін әншілік жолын бастаған. Француз және ағылшын тілдерін жетік меңгерген. 2006 жылы Хунан телеарнасының «Super Girl» ән байқауында бас жүлдені жеңіп алған, сондай-ақ, 2013 жылы «I am singer» байқауының алғашқы маусымында өнер көрсеткен. 2012 жылы Париж қаласында француз әндері музыкалық кешін өткізген. Димаш Құдайберген келісімшартқа отырған BGTalent (黑金经纪) продюсерлік компаниясының негізін қалаушы.

Еске сала кетейік, «Singer» байқауының жартылай финалы Хунан телеарнасынан 8 сәуір күні көрсетіледі. Байқаудың финалын 15 сәуір күні отандық Хабар арнасынан және Хунан телеарнасынан тікелей эфирден тамашалауға болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мұхтар Қалимоллаұлы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT