+7 (701) 759 90 19
USD 425.37 EUR 492.66
RUB 5.97 CNY 66.15
Jańalyqtar

Димаш Ресейде тағы бір жаңа әнінің тұсауын кесті

2021 жылғы 26 тамыз 14:38
Бөлісіңіз:
Димаш Ресейде тағы бір жаңа әнінің тұсауын кесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Димаш Құдайберген Ресей Федерациясының Сочи қаласындағы «Новая волна 2021» фестивалінде «Fly away» («Жыраққа ұшамын») атты жаңа композициясын таныстырған болатын. Dimashnews ресурсы жаңа туындының шығу тарихы туралы мақала жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сайттың жазуынша, әннің сазын композитор Еділжан Ғаббасов шығарған.
Ал сөзін Джордан Аракелян жазған. Мәтіннің авторы Димаштың бэк-вокалисі болып та жұмыс істейді.
Музыка индустриясында 20 жылдан астам тәжірибесі бар Еділжан Ғаббасов әннің сазы ерекше бір шабытты шақта туғанын айтады.

«Бір күні кешкі тыныштықта шабыт келгенін сезіндім. Миымда кенет бір әуен пайда болды. Ыңылдап айта бастап едім, санама Димаштың үні жетті. Сол сәтте-ақ, бұл әнді Димаш шырқаса деген ой келді», - деп еске алады композитор.


Бұған дейін Димаштың «Give Me Your Love», «Be With Me» сияқты хит әндерінің сөзін жазған Джордан Аракелян бұл жолы да мәтіннің негізгі мазмұнын әншінің өзі таңдағанын айтады.
«Димаш сөз жазғызар кезде астарында қандай ой жатуы керектігін алдын ала айтады. Бұл жағына ол қатты мән береді. Кейде тіпті жаңа композицияның демо-нұсқасын ешбір мәтінсіз-ақ шырқаған кездің өзінде үнінен айтқысы келген ойы менмұндалап тұрғандай сәттер болады. «Fly away» композициясы – рухани, шығармашылық еркіндік пен ой азаттығы туралы ән», - дейді Д.Аракелян.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT