Димаш пен Головкин қазақ боксшыларын әлем чемпионатындағы жетістігімен құттықтады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Әнші Димаш Құдайбергенов пен кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин қазақ боксшыларын Ташкентте өткен әлем чемпионатындағы жеңіімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Спортшыларымызды 4 алтын және 1 күміс медальмен шын жүректен құттықтағым келеді», - деп жазды Димаш Құдайбергенов Instagram-да.

Ал Геннадий Головкин ізбасарларының келер жылы Франция астанасында өтетін Олимпиада ойындарына сәтті дайындалуына тілектестік білдірді.

«Бапкерлер штабының еңбегін ерекше атағым келеді. Керемет жұмыс! Олимпиада ойындарының дайындығында сәттілік тілеймін», - деп жазды GGG.

Еске салсақ, Ташкентте ерлер арасында бокстан аяқталған әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде екінші орын алған болатын.

Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатының жеңімпаздарын құттықтаған еді.


Соңғы жаңалықтар