Димаш пен Данэлия бүкіл әлемді таңғалдырды - Арыстанбек Мұхамедиұлы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Американың The World's Вest байқауында Қазақстан атынан өнер көрсетіп жатқан Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешованы келесі кезеңге өтуімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрметті Димаш және Данэлия! The World's Вest байқауында ел намысын қорғап, байқаудың ең қиын кезеңінен жеңіспен өтулеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер өз таланттарыңызбен бүкіл әлемді таңғалдырдыңыздар. Қазақстанның бүгінгі игілігі мен жарқын болашағы жолында атқарып жатқан жауапты қызметтеріңіз үшін алғыс, толағай табысқа жетулеріңізге тілектеспін. Алға қойған мақсаттарыңыз орындалсын. Осы сәтті пайдалана отырып, Сіздерге зор денсаулық, бақыт пен құт-береке және шығармашылық табыс тілеймін. Алға, Димаш! Алға, Данэлия!», - деп жазды министр фейсбуктегі парақшасында.

Еске сала кетсек, бүгін Американың The World's Вest байқауында Қазақстан атынан өнер көрсетіп жатқан Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешованың өнер көрсеткен видеосы жарияланған болатын. «The World's Вest» байқауының Инстаграм парақшасында жарияланғандай, Димаш All by Myself әнін орындады. Айта кетерлігі, әнші осы әнді Қытайда өткен «Мен әншімін» байқауында да шырқаған еді.

Ал Данэлия Төлешова екінші турда Украинадағы «Голос. Дети» байқауының алғашқы кезеңінде орындаған «Stone Cold» әнін нақышына келтіре шырқап, ұпай саны бойынша қарсыласынан басым түсті. Отандастарымыздың екеуі де үшінші турға өтті.

Соңғы жаңалықтар