Димаш өзінің қазақша әнін шырқаған индонезиялық жанкүйерінің дауысына тамсанды

None
None
«НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Димаш Құдайберген өзінің «Ұмытылмас күн» атты әнін қазақша шырқаған индонезиялық фанатының дауысына тамсанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Димаш Instagram-да: «Индонезиялық өте талантты жанкүйерiмнiң орындауын қабыл алыңыздар. Әдемі, нәзік, тамаша орындау. Браво!», - деп жазып, видеоны жүктеді.

Онда жас қыз қазақстандық әнші орындап жатқан «Ұмытылмас күн» әніне қосылып айтады.

Айта кетейік, бұл әннің авторы – Димаш Құдайберген, сөзін Орал Байсеңгір жазған.


Димаш бұған дейін өзіне айнытпай пародия жасаған тағы бір қыздың өнеріне тәнті болған еді. Ол Моңғолияның «Яг туун шиг» телешоуында өнер көрсеткен моңғол қызы Б.Халиун болатын. Ол Қытайда өткен «I am a singer» жобасында Димаш шырқаған «S.O.S d'un terrien en détresse» атты француз әнін орындады.

Биылғы маусым айында жас дарын иесі «Арнау» атты жеке концертін өткізген болатын. Оған әлемнің 64 елінен 10 мыңға жуық жанкүйер келді. Концертті тамашалаған шетелдік фанаттар Қазақстанға қайта оралуды көздеп отыр.

Димаш алдағы тамыз айында Сочи қаласында Ресейдің халық әртісі, композитор Игорь Крутой ұйымдастырғалы отырған «Новая волна» фестивалінде, күзде Нью-Йорк, Мәскеу, Минск, Дюссельдорф қалаларында өтетін оның мерейтойлық концерттерінде өнер көрсетеді деп жоспарлануда.

Бұдан бөлек, ол Ресейдің Санкт-Петербург және АҚШ-тың Нью-Йорк қалаларында жеке концертін өткізбек.



Соңғы жаңалықтар