Димаш Майкл Джексон, Леди Гаганың дизайнерімен жұмыс жасайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Димаш Құдайберген Майкл Джексонның, Леди Гаганың дизайнерімен жұмыс жасап жатқандығы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық әнші Инстаграмдағы парақшасында танымал әлемдік дизайнердің суретін жариялап, «Майкл Джексонның, Леди Гаганың дизайнері. Қазіргі күндері маған көмектесіп жүрген Залди мырза. Серіктестігіміз үшін командасымен Американың Лос - Анджелес қаласынан келді. Көптеген марапаттардың иегері», - деп жазды.
null 

Айта кетейік, Залди Гоко ең танымал америкалық дизайнерлердің бірі. Ол 2001 жылдан бері Майкл Джексон, Гвен Стефани, Леди Гага, Бейонсе, Дженнифер Лопез, Бритни Спирс, Холли Бери, Мик Джаггер сынды әлем жұлдыздарымен жұмыс жасаған.

 

 

Соңғы жаңалықтар