Димаш Лондондағы концертте әндерінің 60 пайызын қазақ тілінде шырқайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қанат Айтбаевпен және Димаш Құдайбергенмен кездесіп, 19 қарашада өтетін концерттің жайын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астаналық «Терра балет» тобы, сонымен қатар ұлт-аспаптар ансамблінде керемет өнер көрсетіп жүрген ұл-қыздар барып, біздің қазақтың әндеріне ұлттық реңк пен өң бере отырып, сүйемел жасайды. Осы концерттің ұйымдастырылуына қыз-жігіттер атсалысып, көмектесіп жатыр. Амандық болса, нәтижесін көресіздер. Орындалатын әндердің 60 пайызы қазақ тілінде болады», - деді Қанат Айтбаев.

null 

Өз кезегінде Димаш Құдайберген Лондонда жанды дауыста, оркестрмен отызға жуық ән айтатынын хабарлады.

Айта кетсек, осы айдың 19-да Лондонда Димаштың жеке концерті өтеді. Қазіргі таңда Лондон орталығындағы экрандарда қазақстандық әншінің концерті жарнамаланып жатыр.

null 

Соңғы жаңалықтар