Димаш Лондондағы концертінде ән шырқаған ақтөбелік оқушыға сәттілік тіледі
2018 жылғы 21 қараша 11:04

Димаш Лондондағы концертінде ән шырқаған ақтөбелік оқушыға сәттілік тіледі

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Димаш Құдайберген Лондондағы жеке концертінде ән шырқаған ақтөбелік оқушыға сәттілік тіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін әнші Димаш Құдайбергеннің арнайы жүлдесіне ие болып, Лондондағы концертіне жолдама алған ақтөбелік оқушы Нарғыз Жанұзақова туралы жазған болатынбыз. Ол Indigo at the O2 концерт залында өнер көрсетіп, ұмытылмас сый жасаған Димаш Құдайбергенге алғысын жеткізді.

«Димаш ағамен бір сахнада әрі Indigo at the O2 концерт залында өнер көрсеттім. Мен бақыттымын. Дәл осындай бақ бұйырғаны үшін Аллаға сансыз мадақ. Кейін маған сеніп, мені қолдаған анам мен апама, Қанат, Света Айтбаевтарға алғыс айматын. Маған сеніп, қолдаған баршаға алғысым шексіз. Армандар орындалады, сену керек», - деп жазды жас талант Нарғыз Жанұзақова. Ол Лондон сахнасында «Елімнің жүрегі - Астана» әнін орындады.


Жас әншінің лебізіне Димаш Құдайберген де өз пікірін қалдырған.

«Жарайсың, балапан! Өте керемет орындап шықтың! Болашақта «менің концертіме әлемдегі №1 әнші Нарғыз қатысқан еді кезінде» деп мақтанып отырармыз», - деді Димаш Құдайберген.

Фото: © Илья Дмитрячев/ТАСС

Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT