+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

Димаш Құдайбергенов төртінші кезеңде қытайша ән орындайды

2017 жылғы 6 ақпан 10:06
Бөлісіңіз:
Димаш Құдайбергенов төртінші кезеңде қытайша ән орындайды

АСТАНА.ҚазАқпарат - Қытайдағы «Singer 2017» ән байқауына қатысып жатқан қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов байқаудың төртінші кезеңінде қытайша ән шырқайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қытай бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, төртінші кезеңнің түсірілім жұмыстары 2 ақпан күні аяқталған. Бастапқы үш кезеңде жалпы есепте бірінші орыннан көрінген жерлесіміз төртінші кезеңде де үздіктер қатарынан көріну үшін қытайша ән шырқап көруді ұйғарған.

Димаш гонконгтық Джеки Чун Хок-Яудың (张学友) репертуарынан «Қоңыр күз» (秋浓意) әнін орындайды. Джеки - Қытай эстрадасының жарық жұлдызы. 90 жылдары жеке альбомының сатылымы бойынша Майкл Джексоннан кейінгі екінші орынды иеленген. 2000 жылы жеке альбомының сатылымы 60 мың данадан асып, әлемнің көптеген елдерінде жеке концерттер берген.

«Қоңыр күз» (秋浓意) әні 1993 жылы алғаш рет орындалды. Кейін жапон, корей тілдеріне аударылған.

Еске сала кетейік, Димаш Құдайбергенов байқауға қатысардан бұрын қытайдың атақты әнші - композиторы Хан Хунның «Таң атты» әнін орындаған болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мұхтар Қалимоллаұлы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT