Димаш Құдайбергенов Қытайдың ән байқауына қатысады

None
None
  АСТАНА.ҚазАқпарат - «Славян базары - 2015»  халықаралық ән байқауының жеңімпазы, жерлесіміз Димаш Құдайбергенов Қытайдың «Singer2017» ән байқауына қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қытайлық БАҚ-қа сілтеме жасап.

Қытайлық sina.com порталы 5 қаңтарда байқауға қатысушы 7 әншінің есімдерін жариялады. Жобаға қатысушылар арасында  Димаш та бар.

Қытайдың танымал Sina Weibo (Туиттердің баламасы) қолданушысы өз парақшасында Димаштың Чанша қаласында қыдырып жүрген видеосын жүктеді.

Айта кетерлігі, Жобаның ұйымдастырушылары бұған дейін жеке блогтарында Қазақстаннан Қайрат Нұртастың қатысатынын айтқан еді.

null 

Кореяның «I Am a Singer» жобасының қытайлық нұсқасы елде үлкен сұранысқа ие.

Жоба Тайвань, Макао, Сингапур және Кореяның жұлдыздары, сонымен қатар Қытай әншілерінің қатысуымен жұртшылыққа танымал болып отыр.

 Ал Димаштың есімі Қытайға осы елдің атақты әнші - композиторы Хан Хунның  «Таң атты» әнін орындауымен белгілі.

Байқаудың жалпы 5 іріктеу кезеңі, сондай-ақ, жартылай финалы және финалдық сайыстары 21 қаңтардан 15 сәуір аралығында Чанша қаласында өтеді.

Соңғы жаңалықтар