Димаш Құдайбергенов Қытайдағы байқаудың бірінші кезеңінен сүрінбей өтті

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қытайдың Хунан телеарнасының «Singer2017» тележобасында бақ сынап жүрген отандасымыз Димаш Құдайбергенов жобаның бірінші кезеңінен сүрінбей өтті.

Қытайлық БАҚ-тардың хабарлауынша, жобаның түсірілімі кеше басталғанымен, эфирден 21 қаңтардан бастап көрсетіледі. Ал кешегі сында қатысушылардың біреуі, яғни қытайлық әнші Юуань Явей (Tia Ray) жарыс жолынан шығып қалған. Димаш француздардың «SOS d'un terrien en détresse» әнін орындағаны белгілі болды.

Димаш бүгін өзінің Instagram парақшасына демалып жатқан фотосын салып, «Бүгінгі күн сәтті өтті! Бұл тек байқаудың бірінші күні. Әр байқау күні бір адам жеңіс кубогын алып, енді бірі шығып отырады. Жалпы 14 кубок, яғни 14 рет сынға түсу деген сөз. Ең көп кубок иегері жеңімпаз атанады. Орта жолда өзге де әншілер қосылып отырады. Алғашқы эфир 21 қаңтар күні Хунан телеарнасында. Қазақстандықтар қалай көре алатыны туралы xабар береміз. Ал әзірге, келісім бойынша бүгінгі нәтижені жариялауға болмайды! Бізде түн, түсірілім әлі жалғасуда, жобаның ерекшелігі камера сенің әр қылығыңды бақылап, ішіп-жегеніңді бәрін реалити түрде түсіріп жүреді... Десек те, сәл ұйықтап алуды жөн көрдім... Оны да түсіріп үлгеріп жатыр...» - деп жазды.

null

Айта кетерлігі,  Қытайдағы үлкен ән байқауларының қатысушысы, қандасымызАрай Айдархан өзінің Instagram парақшасында Димашпен бірге тұскен фотосын жариялап, «Алға бауырым, Қазақтың қанаты! Сен біздің мақтанышымызсың» - деп жазды.

null 

Соңғы жаңалықтар