Димаш Құдайбергеннің Жапонияда ән салғанын «Хабар» көрсетеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Димаш Құдайберген Токиода өтетін ABU Song Festival фестивалінің арнайы шақырылған қонағы ретінде өнер көрсетеді. Көрермендер халықаралық фестивальдің эксклюзивтік арнайы ТВ-нұсқасын 22 қараша күні, кешкі сағат 21.40-та «Хабар» телеарнасынан тамашалай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл артистің Жапония елінде алғаш рет өнер көрсетуі болады.

Фестиваль ұйымдастырушысы - Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағы.

Телефестиваль бәсекелестік жарыс алаңы емес. Бұл Азия-Тынық мұхиты аумағына кіретін мемлекеттердің ең үздік деп таныған әртістерін ұсынатын алаң.

«Димаш Құдайбергеннің аудиториясы Қытай, Азия елдерінде өте көп екенін біз білеміз. Фестиваль «Хабар» телеарнасы эфирінен көрерменге жол тартатын болады. Сондай-ақ, Корея, Жапония, Индонезия, Австралия, Түркия сынды мемлекеттер де қатысады»,- деді «Хабар» телеарнасының директоры Динара Бисембина.

Кеше Димаш Құдайберген Instagram парақшасында NHK жапон ұлттық телеарнасына берген сұхбатымен бөлісті. Сұхбат барысында ол Қазақстан елі, домбыра туралы, өзінің шығармашылық жолы мен ұстаздары жайында сөз қозғаған.

«Қазақстанда туып, өскенімді мақтан тұтамын. Әлемнің қай бұрышында болсам да, қазақтың ұлттық өнерімен сусындап, Отанымның намысын,жігерін бойыма сіңіргенімді мақтан тұтамын»,-деді Димаш.

Соңғы жаңалықтар