Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері музейге әлем фанклубтарының эмблемасын тапсырды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Димаш Құдайбергеннің ақтөбелік жанкүйерлері музейге әлем фанклубтарының эмблемасын тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбелік фанклуб мүшелері Гүлзада Сатқанова мен Ғазиза Көшкімбаева облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорына шетелдердегі фанклубтардың жинағын тапсырды. Онда әр елдердегі фанклубтардың эмблемалары, концертке кіру билеті мен жеке суреттері бар. Музей директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Бақытжан Қалнияз, ғалым-хатшы Арман Ержанов, қазіргі заман тарихы ғылыми-зерттеуді қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлері Айбек Ертеміров, Айзагүл Жамбылова және қорларды ғылыми-зерттеуді қамтамасыз ету бөлімінің қызметкері Көркем Сейітхан материалдарды музей қорына қабылдап алды.


Музей қызметкерлері фанклуб мүшелеріне алғыстарын білдірді. Ақтөбе облыстық тарихи өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі Айбек Ертеміровтің айтуынша, бұған дейін Ақтөбе қалалық мәдениет бөлімі Димаштың қатысуымен өткен халықаралық «Бақытты бала» байқауының заттарын тапсырды.


Соңғы жаңалықтар