Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнеклипі жарыққа шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны жарық көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында әншінің өзі Instagram парақшасында мәлім етті.

«DimashAli» шығармашылық орталығы Димаш Құдайбергеннің «Golden» композициясына түсірілген клипті Youtube желісінде жариялады.

Режиссері - Олжас Баялбаев, ал оператор - Азамат Дулатов.

Шыққанына енді бір сағат болған видеоклипті 85 мың көрермен тамашалап үлгерген.

Еске сала кетейік, таяуда Димаш Құдайберген TIXR америкалық стриминг-платформада онлайн-концерт өткізген болатын. Концертті 100 елдегі жанкүйер тамашалады.

Көптеген фанаттың өтінішіне байланысты аталмыш шоу 31 қаңтар күні Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де қайтадан көрсетілді.

Димаш өнерсүйер қауыммен тікелей эфирді осы көрсетілімнен кейін өткізуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ ол бұған дейін «Golden» әніне түсірілген жаңа бейнебаяны шығатынын айтқан болатын.



Соңғы жаңалықтар