Димаш Құдайбергеннің жаңа әні Қытайда хитқа айналды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал әнші Димаш Құдайберген шырқаған «The crown» деген жаңа əн Қытайдың «QQ music» платформасында алдыңғы қатарға шықты. Бұл туралы әнші Инстаграмда жазды.

«QQ music» платформасында Ұлықпан (Жолдасов - авт.) ағам жазып берген «The crown» деген жаңа əнімді жүктеген бойы, жарты сағаттың ішінде ең көп сатып алынған əндердің көшін бастап отырғанына таңданып отырмыз», - деп жазды әнші.

"QQ music" платформасында Ұлықпан ағам жазып берген "The crown" деген жаңа əнімді салған бойы, жарты сағаттың ішінде ең көп сатып алынған əндердің көшін бастап отырғанына таңданып отырмыз. #Dears сіздерге үлкен рахмет!!!!! Қатты қуантып қойдыңыздар))) Сіздердің осынау қолдауларыңызбен жыл əні атанып кетсе, таңқалмайтын да шығармын😁 Жақсы көремін. Ұлықпан аға жасай беріңіз!!! @lukpan_zholdasov

A post shared by Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash) on Nov 30, 2017 at 8:03am PST

Танымал әнші жанкүйер тыңдармандарына алғыс айтты. «Сіздердің осынау қолдауларыңызбен жыл əні атанып кетсе, таңқалмайтын да шығармын», - деп жазды Димаш Құдайберген.

Ол ән авторына да жылы лебізін білдіріп «Ұлықпан аға жасай беріңіз!» деп атап өтті. 

Соңғы жаңалықтар