Димаш Құдайбергеннің ұстазы бірлескен жоспарлары туралы айтты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Әнші Димаш Құдайбергеннің ұстазы Марат Әйтімов бүгін Ақтөбе қаласындағы №68 референдум учаскесіне барып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы бойынша барлығы 517 дауыс беру учаскесі бар. Жалпы өңірде 560 мыңға жуық адам өз таңдауын жасай алады. Қазіргі кезде барлық референдум учаскесінде дауыс беру жүріп жатыр. Өз таңдауын жасағандардың бірі – әнші, педагог Марат Әйтімов.

«Бүгін – жауапты күн. Бүкілхалықтық реферундумға қатысып, өз дауысымды бердім. Мен елімізде жақсы өзгерістер болатынына сенемін, алға үмітпен қараймын. Халық тұрмысының жақсарып, табыстың артқанын қалаймын. Оған біздің еліміздің күші жетеді. Адамдар да құқықтық жағынан сауатты бола түссе, жетістігіміз болар еді. Халық билікке емес, билік халыққа жұмыс істейтін уақыт жетті», - деді Марат Әйтімов.

Кейін ол әнші Димаш Құдайбергенге қатысты ақпаратымен бөлісті.

«Димашпен бірнеше күн бұрын сөйлестім. Қазір ол Меккеде әжелерімен бірге жүр. Әрдайым байланыстамыз. Оқушыларымның барлығын мақтан етемін. Әрқайсысының орны бөлек. Димаштың орны алабөтен. Димаштың біздің мемлекетіміздің, жалпы иісі қазақтың атын шығарудағы жұмысын осы кезге дейін бірде-бір қазақ жасаған жоқ деп айтсам, артық кетпеймін деп ойлаймын. Қазір хабарласып, кеңес сұрайды. Көбі кәсіби жұмысқа байланысты. Жеке өмірін де айтады. Димашқа қатысты сын айтылады. Бәріне ұнау мүмкін емес. Кейбірі тисе терекке, тимесе бұтаққа деп аузына келгенін айтып жатады. Ол кезде адамдардың пиғылы қарын аштырады. Бір әнді бірге орындаймыз деген жоспарымыз бар. Әзір жүзеге аспай жатыр. Жаңа ән немесе халық әні болуы мүмкін», - деді Марат Әйтімов.


Соңғы жаңалықтар