Димаш Құдайбергеннің ұстазы Baqytty Bala байқауына қатысушыларға шеберлік сағатын өткізді

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбедегі «Green Land» саябағында «Baqytty Bala-2022» вокалдық байқауына қатысушылармен кездесу өтті. Онда қазақстандықтар өздерінің хоббилері жайлы айтса, шетелден келген вокалистер елімізден алған әсерлерімен бөлісті. Бұған қоса, кеш барысында Димаш Құдайбергеннің ұстазы шеберлік сағатын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі dimashnews сайтына сілтеме жасап.

IV «Baqytty Bala-2022» вокалдық фестивалі 9 тамызда Ақтөбе қаласында басталды. Биыл байқауға қатысуға 200 өтінім түскен. Олардың ішінен өнерімен ерекшеленген 21 жас әнші финалға жолдама алды.

Конкурска қатысушыларға бірнеше күн бойы белді мамандар шеберлік сағаттарын өткізіп, арнайы экскурсия ұйымдастырды. Кеше белгілі әнші Димаш Құдайбергеннің ұстазы вокалдық орындауға қатысты пайдалы кеңестерімен бөлісті. Сондай-ақ, ол қатысушылардың алдағы қойылымдары қандай талаптар бойынша бағаланатынын айтты.

Кеш соңында қатысушылар жеребе тартты. Оның нәтижесі бойынша сайыстың финалында бірінші болып қарағандылық Асылайым Болатқазы өнер көрсетпек.



Фото: ru.dimashnews.com


Соңғы жаңалықтар