+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Димаш Құдайбергеннің сахналық костюмі аукционда 600 мың теңгеге сатылды

2019 жылғы 25 тамыз 16:57
Бөлісіңіз:
Димаш Құдайбергеннің сахналық костюмі аукционда 600 мың теңгеге сатылды

БУРАБАЙ. ҚазАқпарат –«Burabike Fest-2019» спортты-музыкалық фестивалі аясында өткен қайырымдылық аукционында әлемге танымал отандық әнші Димаш Құдайбергеннің сахналық костюмі 600 мың теңгеге сатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Димаш «Baqytty bala» байқауының гала концертінде ән шырқайды Димаш «Baqytty bala» байқауының гала концертінде ән шырқайды Димаш «Baqytty bala» байқауының гала концертінде ән шырқайды

Жыл сайын өтетін «Burabike Fest-2019» спортты-музыкалық фестивалі екі бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімінде кәсіби және әуесқой велошабандоздар өзара жарысса, екінші кезеңде қайырымдылық аукционы ұйымдастырылады.

Биылғы аукционда жас әнші Димаш Құдайбергеннің 17 жасында үлкен сахнаға киіп шыққан костюмі сатылымға қойылды. Костюмнің алғашқы бағасы 200 мың теңгеден басталып, нәтижесінде 600 мың теңгеге сатылды.

Сондай-ақ, аукционда қазақстандық кәсіби боксшы Геннадий Головкиннің қолтаңбасы қойылған бокс қолғабы 1 млн 200 мың теңгеге, тағы бір боксшымыз Қанат Исламның қолтаңбасы қойылған былғары қолғабы 50 мың теңгеге және Олимпиада чемпионы Бахтияр Артаевтың қолтаңбасы қойылған қолғабы 60 мың теңгеге сатылды. Одан бөлек, суда жүзуші Дмитрий Баландиннің жүзу телпегі 40 мың теңгеге сатылды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай Бурабайда «Burabike Fest-2019» спортты-музыкалық фестивалі өтіп жатыр.

Аталған шараның басты ерекшелігі сол одан түскен барлық қаражат қайырымдылыққа жұмсалады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT