Димаш Құдайбергеннің концерті: Алматы полициясы күшейтілген режимде жұмыс істейді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы полициясы Димаш Құдайбергеннің бүгінгі концертіне байланысты үндеу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы полициясы концерт кезінде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге полиция департаментінің қызметтері мен бөлімшелерінің 2,5 мыңнан астам тәртіп сақшысы жұмылдырылатынын мәлім етті.

«

Бұл тек Қазақстан үшін ғана емес, халықаралық аренадағы айтулы оқиға, сондықтан оны дүрбелеңсіз, бейберекетсіз және ешқандай құқық бұзушылықтарсыз өз деңгейінде өткізу өте маңызды. Полиция қызметкерлері концерт өтетін орын мен оған жақын аумақта қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді

», - деді Алматы қалалық ПД бастығы Арыстанғани Заппаров.

Сонымен қатар, ол Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінің бойына көліктерді қоюға тыйым салынғанын ескертті.

«Осыған байланысты қонақтарды көліктерін алдын ала тұраққа қоюға, қосалқы көшелерді пайдалануға және кептелістерді болдырмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала реттеуге шақырамыз. Концерт кезінде өзін-өзі ұстау мәдениетіне, алкогольді ішімдіктерді пайдаланбауға ерекше назар аударамыз. Аға буын жанкүйерлер мен балалары бар әйелдерге құрмет көрсетуге шақырамын», - деді Арыстанғани Заппаров.

Еске салайық, бүгін Димаш Құдайбергеннің Қазақстандағы ең үлкен және аты аңызға айналған спорт ғимараттарының бірі - Орталық стадионда «Stranger» атты жеке концерті өтеді.
Соңғы жаңалықтар