Димаш Құдайбергеннің ерекше портреті жасалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ПИК Astana Ютария ltd» фабрикасының тоқыма цехы тәжірибе ретінде Димаш Құдайбергеннің эксклюзивті портретін жасап шығарды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Фабрика мамандары портретті екі күннің ішінде жасап шығарған. Портрет тігінен жасалған, оның биіктігі 180 см және ені 82 см. Оны жасау үшін бірнеше маман жұмыс істеген. Олардың бірі - Анар Әбдіғасенова. Бойжеткеннің мамандығы Қазақстан еңбек нарығында сирек кездеседі - ол дессинатор маманы, яғни төрт мамандықтың жиынтығынан құралған шебер.
null 

Ол - әрі текстиль дизайнері, мата суретшісі, тоқыма құрылғыларының программисті және инженер. Бұдан бөлек, бойжеткен Димаш Құдайберген білім алатын университетте оқиды.

«Мен Қазақ ұлттық өнер университетінің студентімін. «Киім дизайнері» мамандығы бойынша білім алып жатырмын. Фабрикаға Түркия, Италия елдерінен мамандар келіп, түрлі шеберлік сыныптарын өткізді. Осылайша, жұмыс істеуді үйреніп кеттім», - деді ол.
null

Тоқыма цехының технологы Майя Вершинина атап өткендей, осындай өзгеше туындыны жасап шығаруға кәсіпорындағы технологиялық жаңғырту мүмкіндік берген. 

null

Соңғы жаңалықтар