Димаш Құдайбергеннің атасы: Димаштың жанкүйерлеріне ризашылығымды білдіреміз

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -Әнші Димаш Құдайберген үшін Ақтөбеге келген фантоп жетекшілері оның ата-әжесімен, отбасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фантоп жетекшілерімен кездесуге Димаш Құдайберген мен оның отбасы түгел жиналды. Кездесу кезінде жанкүйерлер мен жанашырларға ашық сұрақ қойып, отбасымен әңгімелесуге мүмкіндік жасалды. Жанкүйерлердің бірі бауырына басып, бағып-қаққан баланы алысқа жіберудің сыры неде екенін сұрады.

«Димаштың жанкүйерлері, фантоп жетекшілеріне ризашылығымды білдіремін. Біз теледидардан баламызға ықылас білдіріп жатқандарды көреміз. Бүгін кездесудің сәті түсіп отыр»,-Құдайберген Айтбаев.

Димаш Құдайберген алдағы уақытта Оңтүстік-Шығыс Азия мен Еуропа елдеріне концерт беруді жоспарлап отыр.

«Таяуда жаңа бейнебаяны шықты. Өзге де ән жаздыру жұмысы жүріп жатыр. Жар салып айтуды жөн көрмейміз. Бірақ көп мемлекеттен ұсыныс түсіп жатыр. Димаштың өзіне ұнаған шаралар болса, ұсынысты қарап көреміз. Еуропа мемлекеттерінен де серіктес болуға, концерттік шараларға ұсыныстар түсіп жатыр. Негізі, әр мемлекетке барғанда үлкен дайындық керек. Әр елдің менталитетіне, сұранысына сай бағдарлама жасау қажет болады. Димашты тыңдайтын елдерге баруға күш саламыз»,- деді Қанат Айтбаев.

Еске салсақ, Димаш Құдайбергеннің отбасы бүгін фанаттарымен кездесті. Кездесу кезінде жерлестеріне қашан концерт қоятыны да сұралды.

«Бізде жоспар бар. Үлкен техникалық дайындық керек. Өзге елдердегі концерттерден соң Ақтөбеде концерт өткізуді жоспарға енгіземіз. Бәрін алдын ала хабарлап отырамыз»,- деді Қанат Айтбаев.

Соңғы жаңалықтар