Димаш Құдайбергеннің ата-әжесі «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы атанды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңі қорытындыланды. Әнші Димаш Құдайбергеннің ата-әжесі бас жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үлгілі, тәрбиелі, баласы мен немересін айтып мақтанатын 500-ден астам отбасы биыл «Мерейлі» отбасы байқауына қатысты. Ал іріктеуден өткен 27 отбасы бүгін ақтық сынға қатысты. Үшінші орынды Қарғалы ауданының Прыймак және Байғанин ауданының Көпбаевтар отбасы жеңіп алды. Ал 2 орынды Қойда ауданының Сүлейменовтер, 1 орынды Ырғыз ауданының Нұрмановтар отбасы иеленді. Бас жүлде Димаш Құдайбергеннің отбасы Айтбаевтарға бұйырды.

«Байқауға қатысқан әрбір отбасы өз балалары мен немере-шөберелерін басқаларға таныстырып, көрсетсем деп мақсат етті. Сахнаға шыққан 27 отбасының бәрі өнегелі, тәрбиелі. Ақтөбе облысынан тек Қазақстанға ғана емес, дүниежүзіне танымал отбасы шыққан. Жұбановтар отбасы да Ақтөбеден. Еліміздің бас нейрохирургі Ақшолақовтар да бар. Бас жүлдені жеңіп алған Айтбаевтар отбасы да жақсы таныс. Димаш баламыз қазақты дүниежүзіне танытты. Егер  тегі мықты болмаса, сол отбасында жақсы тәрбие, білім алмаса Димаш мұндай бола ма, болмас па еді? Бәрі Ақтөбенің тегі мен қасиетіне байланысты»,- деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.
null 

Айта кетейік, жеңімпаз отбасы «Мерейлі отбасы» байқауының республикалық байқауында Ақтөбе намысын қорғайды. 

null 

Соңғы жаңалықтар