Димаш Құдайбергеннің Астанадағы концертіне билеттер сатыла бастайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Димаш Құдайбергеннің Астанада өтетін «Arnau» атты концертіне билеттер 18 наурыздан бастап сатыла бастайды. Бұл туралы ҚазАқпарат «Қазақстан» телерадиокорпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Билеттерді сату бойынша бас оператор - www.zakazbiletov.kz. Сондай-ақ, билеттер www.biletiastana.kz сайтында да қолжетімді болады.

Одан басқа, билеттерді Астана қаласы бойынша: Керуен, Азия Парк, Хан Шатыр, Евразия, Керуен Сити, Мечта сауда орталықтарының, «Қазақстан» ОКЗ, Сарыарқа велотрегіндегі Газэнерджи ажс, Конгрес холл және Жастар сарайының кассаларынан сатып алуға болады.

Қазақстанның басқа қалалары мен шет елдерде билеттерді online- сатылым арқылы ғана алу мүмкіндігі бар. Қазақстан бойынша Qiwi кошелек, Kaspi Банк, Visa және Mastercard төлем карталары арқылы сатып алуға болады. Басқа елдерде билеттер тек Visa және Mastercard. төлем карталары арқылы ғана қолжетімді.

Жанкүйерлерді ескере отырып және билеттердің сатылымын бақылау мақсатында, билеттерді 2-ші кезеңде сатып алуға мүмкіндік болады. Яғни, билет сатыла бастаған соң, бірінші кезеңде билет алуға үлгере алмағандар, тең мүмкіндікті пайдаланып, 2-ші кезеңде барлық секторлардан билет ала алады.

Айта кетейік, бұған дейін Димаштың Астанадағы концертінің өтетін күні белгіленгенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар