Димаш Құдайбергеннің Астанада өтетін концертінің күні белгіленді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әнші Димаш Құдайбергеннің Астанада өтетін «Арнау» атты концертінің күні белгіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы әншінің өзі Инстаграм парақшасында жазды.

«Күн белгіленді! Бұл ең үздік шоу болмақ. Билет сатылымы туралы кейінірек хабарлаймыз. Қазақстанда 29 маусымда көріскенше!», - деп жазды әнші.

Еске сала кетсек, бұған дейін Димаш Құдайберген Жастар жылы аясында Астанада «Арнау» атты концерт беретінін хабарлаған болатынбыз.

«Біз сіздермен үлкен маңызды жаңалықты бөліскіміз келеді. Біз өз тарапымыздан талантты жастарды қолдауға дайынбыз. Оның үстіне өздеріңіз білетіндей, биылғы жыл Жастар жылы деп жарияланған болатын. Димаш еліміздің, халқымыздың біртуар азаматы, қазақтың өнері арқылы еліміздің атын бүкіл әлемге танытып жүрген талантты тұлға. Бұның алдында Димаш Ұлттық арнадағы жаңа жылдық шоуға қатысқан болатын. Ал бүгінгі айтылып жатқан жоба бойынша біз Димашпен бірнеше рет кездесіп, ақылдасқан болатынбыз», - деген еді ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында «Қазақстан» РТРК АҚ төрағасы Ерлан Қарин.

Оның айтуынша, Димаштың Астанадағы концертінде әлемдік шоулардағы технологиялар пайдаланылады.

Соңғы жаңалықтар