Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 371.56 EUR 422.43
RUB 5.56 CNY 53.51
Jańalyqtar

Димаш Құдайбергенді Беларусьта жанкүйерлері қалай күтіп алды

2018 жылғы 13 шілде 17:24 91
Бөлісіңіз:
Димаш Құдайбергенді Беларусьта жанкүйерлері қалай күтіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы «Славян базары» халықаралық фестивалінің жеңімпазы, қазақ атын әлемге танытқан Димаш Құдайберген биыл Витебскке төреші ретінде келіп, фестиваль аясында ән шырқады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Ұқсас жаңалықтар
Димаш Құдайберген Мәскеуде өткен «Жыл әнінде» өнер көрсетті Лондон орталығында Димаштың шоуы жарнамалануда

2015 жылы қазақстандық әншіні фанаттары шат-шадыман шапалақпен және гүл шоқтарымен күтіп алған болатын.

Арада үш жыл өткенде Беларуське төреші ретінде жолы түскен әншіні жанкүйерлері сахнадан жібергісі келмей, әндерді көбірек орындауын өтініп, қолқа салды. «Славян базары» фестивалінің жүргізушісі тіпті ресейлік әнші Николай Басковтың гүл шоқтарынсыз қалғанын айтып, әзілдеді. Осының бәрін Беларусь президенті Александр Лукашенко жымиып қана тамашалап отырған болатын.

Фестивальдің ашылу салтанатында Димаш Құдайберген «S.O.S. d'un terrien en detresse» әнін орындады. Сонымен бірге, ол «Ұлы даланың өнері» атты гала-концертте ән шырқады. Ол «Adagio» әнімен қоса Нағима Есқалиевамен бірге «Беловежская пуща» әнін әуелетті.

Өзінің Инстаграм парақшасында қазақ әншісі Беларусьтағы жанкүйерлерінің қалай шығарып салып жатқанын көруге болады. Фанаттарының бірі әншіге «Біз сені Питерде күтеміз» деп те айтып қалды. Әншінің Инстаграм парақшасына жүктелген шағын видеоның астына фанаттар ыстық ықыласы мен тілектерін жаудыруда.

«Қымбатты Димаш! Кешегі әнің үшін көп рахмет! Сіздің періште дауысыңызды естігеніме шын жүректен қуанышты екенімді жеткізе отырып, өмірімнің ең бір айшықты сәттерін бастан өткергенімді атап өткім келеді. Фанаттарыңызбен аз уақыт кездесу сізді шаршатпады деген сенімдеміз. Бұл біз үшін орындалған арман болды», - дейді әншінің жанкүйерлерінің бірі Тереза Какол.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
MURAǴAT