Димаш Құдайбергенді Ақтөбеде ХҚКО-да қалай қабыл алды?

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Ақтөбеде ХҚКО-ға барып, шетелге шығу үшін паспорт рәсімдетті. Сондай-ақ, ол онда өз жанкүйерлеріне қолтаңба таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін Ақтөбедегі №1 ХҚКО күнделікті жұмысын мұнда әлемдік деңгейдегі жұлдыз - Димаш Құдайбергеннің келу бұзды. ХҚКО-ға келген адамдар мен осы жердің қызметкерлері әншіден қолтаңба алып, естелікке суретке түсті», - деп жазды Фейсбуктегі парақшасында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Мұрат Жұманбай.

Ол Димаштың шетелге шығу үшін паспорт рәсімдеуге келгенін атап өтті.

Еске сала кетейік, қазақстандық әнші әлемді шарлап концерт беріп жүр. Димаш Қытайда өткен «Singer-2017» шоуынан кейін танымал болған еді. 

Соңғы жаңалықтар