Димаш Құдайберген ЖОО дипломын алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген ЖОО бітіріп, диплом алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ахмет Жұбанов атындағы колледжді «Опера әншісі» мамандығы бойынша тәмамдаған болатынмын. Бүгін, Қазақ Ұлттық Өнер университетін «Эстрада вокалы» мамандығы бойынша бітіріп шықтым. Осы 4 жылда маған сенім білдірген ата-аналарыма, университет ректоры - Айман Қожабекқызына және оқытушы - профессорлық ұжымға алғысым шексіз!», - деп жазады әнші өзінің Инстаграмдағы парақшасында.

Еске салайық, Димаш Құдайберген өткен жылы Қытайдың «Singer2017» ән байқауына қатысып 2-орынды жеңіп алды. Сондай-ақ, отандасымыздың ерекше дауысы қытайлық тыңдармандардың жүрегін жаулап, аз уақытта сол елдегі ең танымал әншіге айналды.

Соңғы жаңалықтар