Димаш Құдайберген жеке концертінде көрерменді немен таңғалдырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жас әнші Димаш Құдайбергеннің алғашқы жеке концерті өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


30 мың орындық аренадағы кеш 2,5 сағатқа жалғасты. Ол бес бөлімнен тұрды, әнші көрермендер алдында әртүрлі образда өнер көрсетті. Сахна ортасына фонтан орналастырылған.

Димаш халық әні «Дайдидауды» орындамас бұрын, сахнада жүз домбырашымен бірге күй ойнады.

Димаш төрт тілде ән шырқады: қазақ, ағылшын, қытай және француз. Олардың арасында оның әлем елдеріндегі жанкүйерлері сүйіп тыңдайтын SOS d'un terrien en détress, All by myself және басқалары бар.

«Гүлдей», гүлдей» әнін орындаған кезде жас орындаушы тыңдармандарды гүлдердің астына көмкерді. Қалың жұрт әндердің тағы бірін әуеде қалықтаған Димашты қызықтай отырып тыңдады.

Эмоцияға толы көрермендердің бірі ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов болды. Ол Димаштың есімін және «Жарайсың!» деген сөздерді өзгелермен бірге қосылып айғайлап, «Махаббат» секілді лирикалық әндерге ұялы телефонының шамын қосып тұрды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Димаш Құдайбергеннің Астанадағы «Бастау» атты концертіне шетелден, соның ішінде Қытай, Ресей, Украина, АҚШ және Еуропадан жүздеген конақ келді.

Димашпен бірге бір сахнада Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, танымал опера әншісі Майра Мұхамедқызы, Қытайдың белгілі әншісі Терри Лин, Евровидение-2012 жеңімпазы Лорин (Швеция), Ұлыбритания әншісі Софи Элис Бекстор және ресейлік орындаушы Кристина Орбакайте өнер көрсетті.

Димаштың шығармашылық кеші 100 пайыз жанды дауыста өтетіндігін оның әкесі әрі продюсері Қанат Айтбаев баспасөз мәслихаты барысында мәлім еткен болатын. «Астана Арена» стадионында өткен концертке халық еш кедергісіз жету үшін екі көшеде көлік қозғалысына шектеу қойылды.







Соңғы жаңалықтар